2022 жылғы 17 қыркүйекте еліміздің барлық өңірлерінде “WORLD CLEANUP DAY” Дүниежүзілік акциясы өтті.
Акция қоршаған ортаның ластануы және аумақты қоқыстан тазарту арқылы оны шешу тақырыбына арналған Дүниежүзілік бастама болып табылады.
Акция аясында “Bolashaq” академиясының 1 курс оқытушылары мен студенттері сенбілікке қатысты.
Акцияның негізгі мақсаты экологиялық сауаттылықты арттыру, қоршаған ортаның ластану проблемасына жұртшылықтың назарын аудару және қайта өңдеуді қамтамасыз ету үшін қоқысты сұрыптау жұмысының қажеттілігін түсіндіру болып табылады.