«Bolashaq» Академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2024 жылдың 12 наурызында Қарағанды, Ұлытау және т.б. облыстар мен Қарағанды қаласы орта мектептері, лицей, гимназияларының 11-сынып оқушылары арасында қашықтықтан «ТІЛ-ҚАЗЫНА –2024» байқауының бірінші кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты:
«2024 жыл – Еріктілер жылы» аясында тілімізді, ұлттық мүдделерімізді тың идея, жаңаша көзқарастармен насихаттау мақсатында жастар арасында сөз өнерін насихаттау, көркемсөз өнеріне шыңдау, адам бойындағы ең сұлу қасиеттерге – мейірімділік пен қамқорлыққа баулу, мамандық таңдауға ықпал ету.
Бірінші кезең бойынша «2024 жыл – Еріктілер жылы» тақырыбына арналған 32 эссе өтінімімен келіп түсті. Оның ішінде:
- Қарағанды қаласынан – 9
- Теміртау қаласынан – 1
- Нұра ауданынан – 3
- Шет ауданынан – 2
- Қарқаралы ауданынан – 9
- Бұхар Жырау ауданынан – 7
- Ұлытау облысынан – 1
Кафедра оқытушылары басты критерийлерді негізге ала отырып эссе жұмыстарын тексеріп, олардың арасынан үздіктерін іріктеп, екінші кезеңге жолдама берді.
Екінші кезең – 15.03.2024ж. ZOOM платформасында сағ. 10.00-де өткізіледі.(Сілтеме бір күн бұрын жіберіледі.)

Байқаудың І кезеңінің қорытындысы бойынша
ІІ кезеңге өткен оқушылар:
№ | Оқушының аты-жөні | Білім беру ұйымы |
1 | Бахтияр Шынар | Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Абай атындағы Шұбаркөл ЖББ мектебі |
2 | Абеуова Камила | Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Абай атындағы Шұбаркөл ЖББ мектебі |
3 | Кадрина Жансая | Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, О.Жұмабеков атындағы ЖББМ базасындағы Тірек мектебі |
4 | Орақбай Мәдина Қуанышқызы | Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылы №14 ЖББ мектебі |
5 | Жұмагелді Ділназ Марғұланқызы | Қарқаралы ауданы, Томар ауылы, №22 ЖББМ |
6 | Ғазиз Мадина Серікқызы | Қарқаралы ауданы «Қарағайлы кенті ЖББ №16 мектебі» КММ-сі |
7 | Қасымжомарт Айзат | Қарқаралы ауданы «Қарағайлы кенті ЖББ №16 мектебі» КММ-сі |
8 | Адилбекова Нурсипат | Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» |


Байқаудың екінші кезеңіне өткен үміткерлерге сәттілік тілейміз!