Теолог маманмен кездесу

15 мамыр күні “Bolashaq” Академиясында 1 курс студенттерінің теолог маманмен көздесуі өтті.
Кездесудің мақсаты: Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бағытында жоғары оқу орындарының студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.


Кездесу кешінің модераторық қызметін Қарағанды қаласы жастар ресурстық орталығының дінтанушы маманы – Маратбекова Айдана Сакеновна атқарды.


Студенттерге қоғамдағы теріс ағымдар және адамдардың қандай жолдар арқылы қателесетіні жөнінде ақпарат берілді. Қазіргі кезде ұялы телефонға, әлеуметтік желіге, яғни ғаламтор торына шырмалған халықтың, әсіресе жастардың діни сауатсыздығы мен білместігінен заңға қайшы келетін іс әрекеттер белең алатындығы, оның соңы қылмыстық жауапкершілікке апаратындығы туралы да айтып өтті.
Шараға академиямыздың бес кафедрасының студенттері қатысты. Студенттер теологқа сұрақтар қойып,теологтың сұрақтарына жауап беріп,белсенділік танытты.
Кездесу соңында академия атынан дінтанушы маманға алғыс айтылып,кездесу мазмұнды аяқталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.