
2023 жылғы 26 мамырда сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін “Таир” сауда орталығында NEET жастар санының көбеюіне жол бермеу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде жастарға арналған консультативтік алаң ұйымдастырылды, оған “Bolashaq” Академиясының өкілі ретінде педагогика кафедрасының оқытушысы А.М. Тәжинин қатысты.


Аталған іс-шараға кәсіпорындар, атқарушы жүйе өкілдері, прокуратура, полиция, депутаттық корпус, колледждер, жоғары оқу орындары қатысты.

Жастарға жұмыс табу, колледжге, ЖОО-ға түсу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.