Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру, ағарту ісі қоғам мен экономиканың дамуына елеулі қауіп төндіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте шешуші рөл атқарады. Ол сыбайлас жемқорлықтың себептері, салдары және оған қарсы іс-қимыл шаралары туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Академияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта семинар өткізілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің Ағарту пулының спикері, “Bolashaq” Академиясының оқытушысы Ахметова Ботагөз Телманқызы жүргізді.


Ақпараттық-түсіндіру жұмысының мақсаттары:
- Қоғамның сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және олардың алдын алу әдістері туралы хабардар болу деңгейін арттыру.
- .Сыбайлас жемқорлыққа теріс қоғамдық қатынасты қалыптастыру және оған қарсы тұрудың маңыздылығын түсіну.
- Азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес процесіне тарту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға жәрдемдесу.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жауапты азаматтық мінез-құлықты қалыптастыруда және қоғамның дамуы үшін қолайлы орта құруда маңызды рөл атқарады. Ол жүйелі тәсілді, қоғамның барлық деңгейлерінің қатысуын және нәтижелерді үнемі бақылауды талап етеді.