Студенттермен кездесу

25 қыркүйекте акт залында “Bolashaq”академиясында оқитын шетелдік студенттермен кездесу өтті.  Аталған кездесудің ұйымдастырушылары: ТЖЖ жөніндегі проректор Б. Т. Ахметова, шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі үйлестіруші А. М. Бабашев, заңгер А. А. Кусаинова, Академия дәрігері С. Г. Куур және академияның белсенді студент жастары.

Академияда және студенттер үйінде ішкі тәртіп ережелері, көші-қон саясаты бойынша әңгіме және нұсқаулық өткізілді.

Дәрігер С. Г. Куур 1 курс студенттерін емханаға бекіту механизмі, флюорографиядан өту қажеттілігі, тырысқаққа тексеру, академияның алғашқы емделу кезеңіне дәрі-дәрмектерді тегін беру туралы айтты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.