Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркінің командасы Startup Sapary жеке әзірленген бағдарламасы аясында IT саласындағы идеялары бар барлық жас кәсіпкерлер үшін “стартап мектебі” тегін қарқынды курсын өткізді.

Қарағанды облысы медицина мен білім беру саласында цифрландыру үрдістерін республикалық бағдарламаларды қабылдағанға дейін алғашқылардың бірі болып енгізген болатын. Енді бүкіл елде пайдаланылатын екі пилоттық жобаны атау жеткілікті.

Біріншісі – “Damumed” бұлтты платформасы, соның арқасында медицина онлайн форматында әлдеқайда қолжетімді болды.
Екінші – “Bilimal”электрондық оқыту бағдарламасын енгізу.Ал ұйымдастырушылар Қарағанды аудиториясы технологиялық прогресс туралы жеткілікті ақпараттандырылғанын және ІТ саласында бизнес құру туралы ақпаратты ынта-ықыласпен қабылдайтынын сезді.

25-26 қараша аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының студенттері, сондай-ақ “1%” жастар бірлестігінің өкілдері қатысты және сертификаттар алды.
Ин-19-1 тобының студенттері Тткова Александра, Ин-19-2 Султанова Аяжан және Ин-18-2 тобының студенттері Ахметова Дана осы жобаға белсене қатысып, өз қызығушылығын білдірді.
“Стартап мектебінде” ASTANA HUB өкілдері өз жобасының бизнес-үлгісін қалай құру, оның негізінде өнімді жедел жасау және оның өміршеңдігін сынау туралы практикалық кеңестермен бөлісті.
