17 ақпанда «Bolashaq» академиясы студенттері арасында дәстүрлі түрдегі «Үстел теннисі» турнирі өтті. Турнирді «Bolashaq» академиясының ӘТЖ жөніндегі проректоры Исмаилова.Р.Н ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.Турнирге төрешілік етуші ЖББ кафедрасының аға оқытушылары: Мукушев Д.Д, Макажанова Г.Б. Турнирге қатысушылардың қарсыластары жеребе арқылы анықталды. Жарысқа «Bolashaq» академиясының барлық студенттері қатысты. Сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті.

Сайыс нәтижесінде:
1-орын Сариев Бақдаулет Ю-20-2 тобы
2-орын Султанов Сардор Фм-20-1 тобы
3-орын Файзиев Шерзод Фм-20-2 тобы
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
