Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 25 қыркүйегінде Қарағанды қаласындағы «Cosmonaut» қонақ үйінің конференц залында «Даналар сөзі – ақылдың көзі» атты облыстық шешендік өнер байқауы өтті. Байқауға “Bolashaq” Академиясынан тіл жанашырлары Қ.З. Сембиев, М.Х. Хамзин және 4 курс студенттері, журналистер, өңірлердегі тіл бөлімінің мамандары мен Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.


Облыстық шешендік өнер байқауы қазақ билерінің, жырауларының шешендік сөздерін насихаттау, шешендік өнер шеберлеріне қолдау көрсету мақсатында өткізілді. Байқаудың жеңімпаздары дипломдар және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Өзге қатысушыларға алғысхаттар берілді.