Әр нәрсеге мән беріп қараған ойлы халқымыз қашан да сұлудың көркі – шаш, шаштың көркі – шаштеңге деп қараған. Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен түр-тұлғасына қарап бағалаған.
Әйел шашы табиғатына қарай қолаң шаш, сүмбіл шаш деп, өріміне қарай «жалғыз бұрым», «қос бұрым» деп бөлінеді. Ұзын әрі алтын, күміс шолпы тағылған сұлу бұрым бойжеткен көркін одан әрі аша түседі.
15.03 күні «Bolashaq» Академиясында қыздар арасында “Шаш өру» сайысы болып өтті.
Бұл сайысқа әр кафедра мен бөлімдерден қатысып, Шаш өру – қазақ қызына тән әдептілік” демекші, шара негізінде қыз балаға әр түрлі үлгідегі шаш өрімдерін жасады. Шара соңында “Бұрымды қыз” деген сөзге лайықты қыз балалар анықталып, марапатталды.
Сайыс қорытындысы бойынша:
1 орын – Жүкен І.С. (кафедра ПИФД)
2 орын – Сатыбалдина Ж.Е. (ЦОС)
3 орын – Косманова А.Б ( кафедра «Педогогика»)
Жалпы іс шара өз мақсатына жетіп, қыз балаға тән мінез- құлықты тәрбиелеу дәріптеу, салт- дәстүрімізді білу, құрметпен қарауға жол сілтеп, бағыт-бағдар берілді десек болады.