“Bolashaq” Академиясының студенттер үйінде қажетті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған медициналық кабинет бар, бұл жерде академия дәрігері С.Г. Куур жатақханада тұратын студенттерді қабылдайды.
13 қыркүйекте академия мен колледждің 42 студенті қаралды. Педикулез, туберкулез және терінің саңырауқұлақ зақымдану жағдайлары анықталған жоқ. Жатақханада тұруға рұқсат берілді.
Дәрігер ЖРВИ-дың алдын алу, жеке гигиена ережелерін сақтау туралы дәріс өткізді. Ол ауа-райына сәйкес киіну қажеттілігін еске салды. Қала бойынша жылудың болмауына байланысты бөлмелер салқын, ал көптеген студенттер жеңіл киінетініне назар аударды (жұқа кеудешелер, қысқа шалбарлар). Аурудың алғашқы белгілерінде жатақханада қалуға немесе “Мирас” клиникасына сүзгіге жүгінуге шақырды. Дәрігер сабақтан оралғаннан кейін қолды, телефон бетін жуып, зарарсызданғыш құралмен жақсылап сүрту, қоғамдық көлікте немесе науқас адаммен байланыста болған кезде медициналық маска кию керектігін, сондықтан әрқашан өздерімен бірге 3-4 маска алып жүру қажет екендігін айтты.
Сонымен қатар жеке гигиена ережелерін, еңбек және демалыс режимін сақтау, дұрыс тамақтану, міндетті түрде таңғы ас ішу керектігін де атап өтті.
Ол маймыл шешегі, себептері, клиникасы және осы аурудың алдын-алу туралы айтты. Дәрігер Студенттер үйінің санитарлық жағдайын тексерді. Жазда қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілді. Санитарлық жағдай білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келеді. Жаңа матрастар мен төсек-орын жиынтықтары әкелінді.