2023 жылғы 20 қазан күні «Құқықтық және қаржылық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Л.М.Жунусова 25-қазан Республика күніне орай Ю-21-2, Ю-20-2 қазақ топтары студенттерімен «Республика күні – елдігіміз тамырын тапқан күн» атты кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағатта республика күні, тәуелсіздік, егеменділік, ұлттық құндылық секілді мағыналы тірек сөздерге баса назар аударылып, қазірге дейін Қазақстан көптеген қиындық жолдардан өтті деуге болады, себебі өзінің егемендігін, тәуелсіздігін жариялау үшін қаншама қаракөз апаларымыз, боздақ бозбала ағаларымыз кеудесін оққа тосты, жан кешті. Осы уақыттан кейін Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.Қазір жерімізде ынтымағы жарасқан көптеген өзге ұлт өкілдері тұрады, дүниежүзі елдерімен достығымыздың жарасқан. Шекара сыртында шетел асып жүрген өз қандастарымызға құшағымыз әрқашан ашық, бәрін де жылы қарсы алудамыз. Осының барлығы да қазақ халқының пейілінің дархан қазақ даласының кеңдігіндей екендігін осы мерекеде айтпай кетуге болмайды.
Кураторлық сағаттың барысында Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып алға шыққаннан кейін, өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бекітіліп, осы қасиетті белгілердің мәнін, Республика мерекесін бүгінгі және болашақ ұрпақ жете түсініп, бағалай білуі қажеттігі нақтыланды. Студенттердің тарапынан да бұрынғы тарихты парақтасақ, ұғатынымыз, әлі де білетініміз көп, әйтсе де өткен күн тарих болып қалары хақ, тек соны жас ұрпақ санасына құя біліп, дәріптесек құба-құп деген патриоттық сезімдері, ұлтқа, елге, Отанға деген жылы лебіздерімен аяқталды.