2024 жылғы 10-12 сәуір аралығында Астана қаласында жоғары оқу орнынан кейінгі оқытуға арналған нашақорлықтың алдын алудағы базалық бағдарламаның талқылауы және әзірлеуі өтті.

Бұл талқылауға педагогика кафедрасының меңгерушісі пс.ғ.к. Әбдірахманова Алуа Сәбитовна қатысты. Аталған іс-шара Испанияның FIIAPP мемлекеттік қорының және Орталық Азияда есірткінің таралуын болдырмау жөніндегі бағдарламаның (CADAP) қолдауымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Бағдарламаның халықаралық сарапшылары Польшадан келген мамандар : Януш Сирославски, Петр Яблонский, Артур Мальчевский және Богуслава Буковска болды.

Жоғары ұйымдардың психологтары мен медицина қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы еліміздің жоғары оқу орындарында нашақорлыққа қарсы күрестің ең өзекті аспектілерін, нысандары мен әдістерін талқылады және тапты деуге де болады.

Осы 1 кезеңде 1 курс студенттері үшін алдын алу бағдарламаларының негізінде болатын бағыт, негізгі мәселелер айқындалды. 2024 жылдың жазында күтілетін 2 кезеңде бағдарламаны талқылау және аяқтау жоспарлануда.
