Облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтың қатысуымен “JIGER”клубының оn-line отырысы

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлының қатысуымен онлайн форматта «JIGER» студенттік ғылыми-зияткерлік клубының отырысы өтті.

Онлайн отырысқа Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, «Bolashaq» Академиясы және Қарағанды медицина университетінің студенттері мен ғылыми қызметкерлері қатысты.

Отырыс барысында IT технологиялар және робототехника бағыты бойынша Айгүл Аманбекова, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы клубтың жұмысы туралы, бағыт төрайымы – Бабырбек Ақерке, ғылыми-техникалық бағыттағы клубтың жұмысы туралы, бағыт төрағасы Қайырбек Салауат атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы баяндама жасады.

Источник: saryarqa_jastary

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.