2020 жылдың 19 қарашасында Қарағанды қаласының “Nur Otan” ХДП ғимаратында мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысуымен жыл сайынғы дәстүрлі “Не? Қайда? Қашан?”интеллектуалды ойыны өтті.
Ойынға 5 студенттік команда қатысты.
Ойын 3 турдан құралды, олардың әрқайсысында ойыншылар 6 сұраққа жауап беруі тиіс болды..
Ойын қорытындысы бойынша Қарағанды экономикалық университетінің “Авангард” командасы үшінші орынға лайықты деп танылды.
Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері “Букетовшылар” екінші орынды иеленді.
“Bolashaq” командасы бірінші орынға ие болды!
Студенттерімізді жеңісімен құттықтаймыз!