Көңіл айтамыз

2023 жылдың 28 наурызында Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаев  өмірден озды. Құралбай Несіпбекұлы “Bolashaq” Академиясында 2009 жылдан 2022 жылға дейін: перспективалық даму жөніндегі проректор (2009 – 2011ж.ж.), ғылыми жұмыс жөніндегі проректор (2011-2013 ж.ж.), ректор (2013-28.08. 2022 ж. ж.) лауазымдарында жұмыс істеді.

Ұжымда 13 жыл басшы болып жұмыс істеген кездерінде Құралбай Несіпбекұлы ұжымның тұрақты, әлеуметтік қорғалуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Қызмет істеген жылдары ол “Bolashaq” Академиясына жоғары оқу орнының үздік озық тәжірибесін енгізді, қатаң тәлімгерлік стилін ұстанды, қызметкерлерді өзінің кәсіби деңгейін көтеруге ынталандырды. Құралбай Несіпбекұлы стратегиялық дамуға, жаңа мамандықтар ашуға, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және тізілімге енгізуге, перспективалы педагогтарды тартуға, жалпы контингенттегі шетелдік студенттердің үлесін арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән берді. Құралбай Несіпбекұлы оқуда, ғылымда және спортта жетістіктері бар студенттерге ерекше құрметпен қарап, үнемі қолдау көрсетіп отырды.

“Bolashaq” Академиясының ұжымы Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының академигі, профессор Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлының қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қатты қайғырып көңіл айтады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.