2022 жылғы 15 қарашада “Bolashaq” академиясында Мемлекет басшысы лауазымына кандидат Қ.К. Тоқаевты қолдауға арналған форум өтті. Форумға “Bolashaq” Академиясының барлық білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты. Форумға қатысушылар Мемлекет басшысы лауазымына кандидат Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын талқылады.
Форумды “Bolashaq” академиясының ректоры, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г. М. Рысмағамбетова ашты, ол өз сөзінде сайлау процесі мен оның рөліне, сайлау рәсіміне және Қазақстан Республикасы Президентін сайлау тәртібіне тоқталды.
Өзінің: “Әділ Қазақстан: Барлығы және Әркім үшін. Қазіргі және мәңгі” баяндамасында з. ғ.к., профессор, құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі А.Т. Қабжанов форумға қатысушылардың назарын сайлау алдындағы бағдарламаның миссиялары мен негізгі идеяларына аударды. Тұтастай алғанда, идеялардың орындылығы және жаңа Қазақстанды құрудың таяу болашақтағы тұжырымдарының негізділігі және осыған байланысты іргелі құндылықтарға негізделген институционалдық реформалар тұрғысынан бағдарламаға талдау жүргізілді.
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к. А. У. Аупенованың “Қазақстанның таяудағы жеті жылдағы дамуының жаңа тарихи кезеңі ” баяндамасы біздің мемлекетіміздің денсаулық сақтау, әлеуметтік-экономикалық және білім беру салаларында, цифрлық технологиялар саласындағы даму перспективаларын қамтиды Дәл осы жастар қоғамдағы өзгерістердің басты қозғаушы күші болып табылады,-деп есептейді Қ.К. Тоқаев. Сондықтан билік институттары мен жастардың сындарлы өзара іс-қимылы үшін барлық жағдайды жасау қажет.
Форумға қатысушылар алдында Мемлекет басшысы лауазымына кандидат Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды штабының өкілі – “Құқықтану” Білім беру бағдарламасының студенті Әділет Әбілжанов – сөз сөйледі. Әділет Мемлекет басшысы лауазымына кандидат Қ.К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында ашылған өзара байланысты үш қағидатқа егжей-тегжейлі тоқталды: әділ мемлекет – әділ экономика – әділ қоғам. “Әділ Қазақстан бірінші кезекте адал сот төрелігін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күресті және полицияның тиімді жұмысын білдіреді. Бұл салалардағы реформалар құқықтың шынайы үстемдігін қамтамасыз етеді, барлық азаматтардың құқықтарының сақталуына кепілдік береді”, – делінген бағдарламада.
Спикер жастарды өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетуге және әділ таңдау жасауға шақырды.
“Bolashaq” Академиясының барлық білім беру бағдарламаларының студенттері Қазақстан жастарының #toqaev2022 #жастар челленджіне қатысты.
Toqaev2022 ДауысберToqaev2022 ГолосуйЗаToqaev2022