18.04.2022 жылы “Қаржы” кафедрасының аға оқытушысы Усувалиева З.К. Жаңаарқа кенті мектептерінің 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс келесі мектептерде жүргізілді:
- Бименде Амалбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп-үш бітіруші сыныпта 56 оқушы;
- Оразалы Жұмабеков атындағы жалпы білім беретін мектеп базасындағы ресурстық мектеп-үш бітіруші сыныпта 56 оқушы;
- Ақселеу Сейдімбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп-16 оқушы, бір бітіруші сынып;
- Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп-екі бітіруші сыныпта 25 оқушы.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу кезінде бітіруші сынып оқушылары академия мамандығына қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтар қойды. Сондай-ақ Оразалы Жұмабеков атындағы ЖББМ 11 сынып оқушысы “Bolashaq” академиясы өткізген “Жас филолог” облыстық олимпиадасында грантты жеңіп алды, ол біздің академияда жоғары білім алуға ниетті.
“Қаржы” кафедрасы жоғарыда аталған мектептердегі әріптестерімізге:
Сәкен Сейфуллин атындағы ЖББМ директоры Тұрғынбеков Айтқожа Жексенбекұлына;
А. Сейдімбеков атындағы ЖББМ директоры Тәшімбаева Бақыт Аманбайқызына;
Бименде Амалбеков атындағы ЖББМ директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Садвокасова Ақтоты Алпанқызына ;
Оразалы Жұмабеков атындағы ЖББМ базасындағы ресурстық мектептің бастауыш сынып мұғалімі, “Bolashaq” академиясының дПМНО-20-3с тобының студенті Мырзабекова Жарқынға оқытушы З.К. Усувалиеваға кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда көмек көрсеткені үшін ерекше алғыс білдіреді.
Бименде Амалбеков атындағы ЖББМ:



Оразалы Жұмабеков атындағы ЖББМ базасындағы ресурстық мектепте:


А. Сейдімбеков атындағы ЖББМ:

Сәкен Сейфуллин атындағы ЖББМ:
