2024 жылдың 18 мамырында “Bolashaq” Академиясы “Нұра ауданының білім бөлімі” ММ ұйымдастырған “Мамандықтар жәрмеңкесі” іс-шарасына қатысты. Жәрмеңке Нұра ауданының музыка мектебінде өтті.

Кездесу барысында “Педагогика” кафедрасының оқытушылары Косманова А.Б., Байбекова В.А., “Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация” кафедрасының оқытушысы Гизатулина А.Ф. академиямыздың инновациялық білім беру технологиялары, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстары, білім беру бағдарламалары туралы айтып, таныстырды. Кең ақпарат берілді, буклеттер мен “ЛиМоНаД” журналы таратылды.



Бұл іс-шараның мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға көмек көрсету, оқушыларды кәсіби өзін-өзі анықтауға дайындауда белсендіру.