17 наурызда “Н.Әбдіров атындағы №58 жалпы білім беретін мектеп” КММ-де кең ауқымды кәсіптік бағдар беру жұмысы ұйымдастырылды. Іс-шараға қаланың 4 ірі ЖОО мен 11 колледжінің өкілдері қатысты.
“Bolashaq” академиясының өкілдері түлектерге академияның мамандықтары, олардың жеке сипаты мен ерекшеліктері туралы кеңінен түсінік беріп, әр мамандықтың тұсаукесерін сәтті өткізді. Содан кейін оқушыларға Академия мамандықтары туралы қысқаша және нақты ақпараты бар “Лимонад ” журналының арнайы нөмірі және арнайы буклет таратылды.