Дәстүр бойынша, Жеңіс күніне орай Мәңгілік алаудың жанында шеру ұйымдастырылды. “Bolashaq” белсенділері осы іс-шараға қатысты.



Студенттер гүл шоқтарын қойып, соғыс қаһармандарына құрмет көрсетіп, осы алапатты бастан кешірген туыстарын еске алып, әңгімелерін бір-бірімен бөлісті.


9 мамыр – қуанышты, маңызды және сонымен бірге әсерлі күн. Бұл күні соғыс даласынан оралмағандарды еске алып, аман қалып, соңына дейін жеткен ардагерлерге алғыс айтамыз. Көптеген жылдар бойы біз Жеңіс күнін қайта-қайта атап өтеміз. Бұл-қаза тапқандарды еске алу күні. Бұл – қазір өмір сүріп жатқан батырларға құрмет. Бұл-азат етілген халықтың қуанышы.
Құттықтаған кезде ардагерлердің көздеріне жас келеді.
Өткеннің эмоционалды ізі олармен мәңгі бірге қалды.
Тамшылаған әрбір көз жасында өткен соғыс жылдарындағы азап пен қайғы-қасірет бар.