Кешегі қаһарлы жылдардың қаһармандық жолы жұртшылықтың мәңгі жадында. Бұл мереке – Отан қорғаудағы өшпес ерліктің, өлшеусіз даңқтың, еңселі елдіктің рухы.
Майдандағы теңдессіз ерлік пен тылдағы қажырлы еңбектің нәтижесі Жеңіс туын желбіретті.Тарихқа қанмен жазылған аталарымыздың ерлігі мен аналарымыздың еңбегі ел есінде мәңгіге қалады. Бүгінгі ұрпақтың басты парызы – майдан даласында шейіт болған ержүрек аталарымыздың, арамызда жүрген ардагерлеріміз бен тыл еңбеккерлерін қадірлеу.
9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында «Bolashaq» Академиясы ӘТЖ проректоры Р.Н.Исмаилова белсенді студенттермен бірге тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсете отырып, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 78 жылдығымен шын жүректен құттықтап қайтты. Соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері – Есина Чулпан Абдрахмановна және Наурызбаева Рзықия аналарымызға Академия ректоры атынан құттықтау хат және әлеуметтік қолдау сый-сияпаты тапсырылды.
Ардагер аналарымыз жас ұрпаққа соғыс жылдарындағы қажымас еңбектері, көрген қиыншылықтары мен қайтпас қайсарлықтары жайлы әңгімелеп берді. Бұл ерлік – жас ұрпаққа аға буынның батылдық жолынан сарқылмайтын қазына және үлгі-өнеге екені хақ!