Қарағанды қаласының №3 емханасының акушері Жанәділова Мадина Шәмелқызы коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу және егу туралы қажетті ақпарат алу мақсатында “Коронавирусқа қарсы вакцина салу” тақырыбында онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында неміс-американдық Pfizer вакцинасының сапасы мен тиімділігі туралы айтылды. Pfizer вакцинациясында тірі коронавирус жоқ. Сондықтан вакцинация алған адам Covid-19-бен ауырмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) және батыс елдерінің ғалымдары пандемияны тоқтатудың жалғыз әдісі-вакцина екенін атап өтті.
Кездесуде коронавирустық инфекция және вакцинация туралы сұрақтар қойылып, қатысушылар толық жауап алды. Кездесуге барлығы 105 адам қатысты.