Ж.Бектұров атындағы Қарағанды кітапханасында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, бөлімдері “Қарлаг: болашақ үшін естелік” жобасы аясында шығарылған әдебиетке арналған “Зұлмат жылдар қасіреті”атты көрме ашылды.
Қалалық БАҚ беттерінде:
Көрменің үшінші бөлімінде Жайық Бектұровтың тағдыры баяндалады. 1942 жылы мамырда ол қамауға алынып, КСРО НКВД арнайы жиналысының сырттай шешімімен РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабы бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылды және Свердлов облысының Ивделлагына жер аударылды. Бұл бөлімде көрнекті қоғам қайраткерлері, 30-40 жылдары қуғын – сүргінге ұшыраған қазақ зиялылары: Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Т. Рысқұлов туралы көптеген очерктердің авторы, Ж. Бектұровтың шығармалары ұсынылған. Ол С.Сейфуллиннің тұтқындалуы мен соңғы күндерін “Сәкеннің соңғы күндері”повесінде сипаттады.
Төртінші бөлімде Қарлаг тұтқындарының тағдыры туралы баяндалады. Онда қазақстандық және қарағандылық жазушылар Е.Кузнецова, В. Могильницкий, А. Әлжанов, Б. Қойшыбаев, И. Ильинаның шығармалары, сондай-ақ “Bolashaq” академиясы баспасының Карлагтың Долинка бөлімі туралы кітаптары ұсынылған, олар қуғын-сүргіннің қатал жылдары және оның тауқіметі, зардап шеккен адамдардың қиын тағдырлары туралы баяндайды. Олар оқырмандарға сол жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, сандырақшылық, мағынасыз сипатын түсінуге мүмкіндік береді.
Толығырақ: http://ekaraganda.kz/?mod=news_read&id=106097