Күш сынасу эстафетасы

26 қарашада академия студенттері арасында күш сынасу эстафетасы өтті. Оны ЖББ кафедрасы дене шынықтыру пәнінің аға оқытушысы Д.Д. Мукушев ЖІК-нің Студенттік өзін – өзі басқару активінің ұжымымен бірлесіп өткізді.

Бұл іс-шараға барлық курс студенттері қатысты. Ол жаттығу залында өтті. Спартакиадаға қатысу үшін командалар құрамына әр кафедра бес қатысушыны – ұлдар мен қыздарды ұсынды. Академияның барлық студенттерінің қатысуы міндетті болды.

Эстафета шеберлікпен және ептілікпен жарыса отырып, спортта өз күштерін сынап көргісі келетіндердің барлығын жинады. Жарыс жылы және достық атмосферада өтті, онда әр қатысушы ең жақсы нәтижелерді көрсетуге тырысты. Барлығы табандылықты, жеңіске деген ұмтылысты және спортқа деген шынайы құмарлықты көрсетті. Жаттығулардың күш түрлеріне: секіртпемен секіру, кеудені жерден көтеріп, бүгіп жазу, жатқан түрде ауыр салмақ көтеру, отырып-тұру және бёрпи сияқты жаттығулар кірді.

Нәтижесінде қол жеткізген орындар келесідей бөлінді:

Ұлдар арасында:

I-Хинцицкий Иван;

II-Оразкенов Әмірхан.

Қыздар арасында:

I-Рахимова Альбина;

II – Ибрагимова Асыл;

III-Еликбаева Алина.

Спорттық жекпе-жекті өткізу қорытындысында жеңіске жету үшін күш жұмсап, талпынушылар мақтау қағаздарын алды.

Барлық спортшыларға – оқуда да, спорттық сайыстарда да табыс тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.