Көңіл айтамыз

Нуржигитова Марал Мухсинкызының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған – туыстары мен отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қазада сіздердің қайғыларыңызға шын жүректен ортақтастығымызды білдіргіміз келеді. Бұл – бәріміз үшін мезгілсіз келген қайғы, өкініш…
Марал Мухсинкызы біздер үшін тек әріптес қана емес, Ол – адал, үлгілі ана, бақытты әже, мейірімді жан, ақылшы дос болды. Үлкен жүректі, жаны жайсаң азаматша еді. Алла оның жанына тыныштық беріп, жәннатта етсін!
Марал Мухсинкызының жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.


«Bolashaq» Академиясының ұжымы

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.