Болашақ педагог мамандардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыратын – педагогикалық практика.Студенттің кәсіби машығы әдістемелік материал арқылы практика барысында жетіледі.
«Bolashaq» Академиясының 6В01701 — «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6В01701 — «Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемедердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Байдулатова Шырайлым, Рысмағанбетова Меруерт, Саликова Мадина, Балтабаева Наргиз, Сыздық Диляра 2024ж. 15 қаңтардан бастап «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында педагогикалық практикадан өтуде. Практикант студенттерімізге сәттілік тілейміз.


