Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында 2021 жылғы 1-30 маусым аралығында “Вolashaq” Академиясымен бірлесіп, мұражайға келушілер үшін көрнекті ғалым-физик, қоғам қайраткері, құқық қорғаушы және планетарлық ауқымдағы гуманитарлық ойшыл Андрей Дмитриевич Сахаровтың туғанына 100 жыл толуына орай “Академик Сахаров мұрасын сақтау жөніндегі қоғамдық комиссия” өңірлік қоғамдық ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде жылжымалы көрме көрсетіледі.
“Андрей Дмитриевич Сахаров — дәуір адамы” мобильді фотокөрмесін Мәскеу қ. Сахаров мұрағаты әзірледі. Келушілердің назарына ресейлік және шетелдік мұражайлардың, мұрағаттардың, кітапханалардың, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ БАҚ пен жеке коллекциялардың толық тізімінің мұрағат қорларынан және жинақтарынан бірқатар фотоматериалдар мен құжаттар ұсынылды.
Көрмеде жинақталған ақпарат хронологиялық тәртіппен қалыптастырылған, Андрей Дмитриевич Сахаров өмірінің барлық кезеңін қамтиды, келушілер үшін оның қызметінің барлық басым аспектілері мен өмірбаянының негізгі оқиғаларын ашады.
Бұл тарихтың іргелі бөлігіне – қазіргі әлем пайда болған кезеңге бір уақытта қарауға және осы процестерде дәуірдің ұлы адамы – Андрей Дмитриевич Сахаров ойнаған рөлге құрмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Келушілер 87212 156 58 222 телефон нөмірі бойынша экскурсияға алдын ала жазылып, сейсенбі мен жексенбі аралығында Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына барып, мобильді көрменің материалдарымен таныса алады.
Мұражайдың эксурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімінің басшысы А. С. Дребезгов