2021 жылдың 21 мамырында мектепке дейінгі және бастауыш оқыту кафедрасының оқытушылары ZOOM платформасында “Bolashaq” Қарағанды жоғары колледжінің студенттерімен он-лайн кездесу ұйымдастырды және өткізді.
Кездесуге директордың оқу практикасы жөніндегі орынбасары Дәулебаева Салтанат Құсманқызы және “Bolashaq”академиясының ДиНО кафедрасының оқытушылары қатысты.
Бұл он-лайн кездесу “Менің мамандығым – педагог” (“Моя профессия педагог”) тақырыбында әңгіме және ашық диалог түрінде өтті.
Кездесу аясында Сарбасова Калимаш Амангельдиновна (пед. магистрі, аға оқытушы) және Бондаренко Вероника Витальевна (пед. магистрі, аға оқытушы) колледж студенттерімен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді, “Bolashaq” академиясының білім беру бағдарламаларының тұсаукесерін көрсетті, ЖОО және сапалы мамандар даярлаудың жүзеге асырылуы туралы айтып берді.
“Bolashaq” колледжінің студенттері әңгімеге белсене қатысып, академияға түсу шарттарына байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Бұл кәсіптік бағдарлау жұмысы колледж студенттерінің өз мүмкіндіктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін түсіну негізінде саналы, дәлелді мамандық таңдауына ықпал етеді.