ЖМ “Bolashaq” академиясында” 2021 жылғы 25 қазанда ЖОО сайтында жарияланған хабарландыру бойынша бос лауазымдарға орналасуға конкурс аяқталды.
Комиссия құрамында: ректор, проректорлар, кәсіподақ комитетінің төрағасы, заңгер.
Конкурстық комиссияға 13 іс ұсынылды.
Байқау екі кезеңде өтті:
1 кезең (2021 ж. 19.11. дейін) – үміткерлердің құжаттар пакетін тапсыруы (өтініш; кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы; өмірбаян; жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат; қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері; ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі);
2-кезең (2021 ж. 26.11. дейін) – конкурсанттармен әңгімелесу; бейне сабақтарды, сабаққа қатысуды талдау; үміткерлердің жетістіктерін талдау; алдағы жылға және болашаққа жұмыс жоспарларын анықтау.
Байқау нәтижелерімен Академияның кадр басқармасынан танысуға болады.