«Bolashaq» Академиясының стратегиялық даму жөніндегі проректоры – Жакулаев Әділ Мұратұлы

«Bolashaq» Академиясының стратегиялық даму жөніндегі проректоры болып философия докторы (PhD) Жакулаев Әділ Мұратұлы тағайындалды.

2009-2013 ж.ж. – Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінде білім алған

2013-2015 ж.ж. – Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінде магистратурада білімін жалғастырған

2013-2016 ж.ж. – Қарағанды қаласы, Шет тілдер колледжі (оқытушы)

2016-2019 ж.ж. – Орталық Қазақстан академиясы «Тіл және аударма» факультеті деканының ғылым ісі жөніндегі орынбасары (2016-2019), Қазақ филологиясы және екінші шет тілі кафедрасының оқытушысы (2016-2018), аға оқытушы (2018-2019)

2019-2021 ж.ж. – Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ директоры

2020-2023 ж.ж. – Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің докторанты, Философия доктор (PhD) – 2024 ж.

2021 ж. – Орталық Қазақстан академиясы «Тіл және аударма» факультеті Қазақ филологиясы және екінші шет тілі кафедрасы меңгерушісінің м.а.

2022 ж. – «Қарағанды облысы Ішкі саясат басқармасының Қарағанды облысы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі» КММ басшысының орынбасары

2022-2023 оқу жылынан бастап академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы

2024-2025 оқу жылынан бастап академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ассистент профессоры

2024 ж. қыркүйек айынан 2025 ж. ақпанға дейін академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Филология факультеті деканының ғылым ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

60-тан астам ғылыми мақаланың және екі монографияның авторы.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.