«Қазақ филологиясы: бүгіні мен болашағы» атты №5 секция жұмысына қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары, жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері, қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы магистранттары қатысты. Ғылыми-практикалық конференциясының секциялық жиналысында баяндама жасаушылар баяндамаларымен таныстырып, ойларын ортаға салды, сұрақтарға жауап беріп, пікірлерімен алмасты. Секция мәжілісі қорытындыланып, ерекшеленгендеріне орындар бөлінді.
1-орын. Жолтай А. Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы магистранты. Мақала тақырыбы: «Тілде жаңа фразеологиялық тұлғалардың пайда болуы».
2-орын. Кызырова А.Б., Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы магистранты. Мақала тақырыбы: «Әдеби мұраларды игерудегі әдебиеттану ғылымының орны»
3-орын. Оспанова А.У., Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы магистранты. Мақала тақырыбы: «Қазіргі айтыстың жанрлық ерекшелігі».
«Жастар және қазіргі заманауи әлемдегі мәселелер» тақырыбында өткен студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясына білім беру бағдарламасы магистранттарының, әсіресе студенттерінің қызығушылықпен қатысқандығы байқалды.