“Bolashaq” академиясында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына байланысты Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, Әлеуметтік – мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Оспанова Кадиша Базарбаевнамен және Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Жүнісов Саттыбай Темірғалиұлымен кездесу өтті. Кездесуге Академия оқытушылары мен студенттері қатысты. Оспанова Кадиша Базарбаевна баяндама жасап, жастардың қоғамдағы рөліне және алдағы сайлауға ерекше назар аударды. Кездесуде Қазақстан халқына Жолдауында айтылған: жастарға жағдай жасау, оларға сапалы білім алу, тұрақты жұмыспен қамту, төмен пайызбен несие алу секілді бірқатар мәселелер талқыланды.
Бүгінгі таңда жастар саясаты Тәуелсіз Қазақстанның басты басымдықтарының бірі болып табылады. Жастарға ерекше назар аударатын мемлекет қана саяси және экономикалық жетістіктерге қол жеткізе алады. Жастардың инновациялық әлеуетін тиімді пайдаланатын мемлекет стратегиялық артықшылыққа ие болады. Сондықтан елімізде жастарды қоғамдық процестерге қосу мақсатында ынталандыру шаралары іске асырылуда, олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін мемлекеттік деңгейде жағдайлар жасалуда.
С. Т. Жүнісов студенттермен кейбір проблемалық мәселелерді талқылады, сондай-ақ жас мамандардың кәсібилігі мен тиімді жұмысқа орналасуына ықпал ететін Президенттің бастамаларын іске асыру мәселелері қозғалды.
Кездесу қызықты әрі танымды өтті. Студенттер көптеген өзекті сұрақтарға жауап ала алды.