2024 жылғы 6 қыркүйекте “Педагогика” кафедрасының эдвайзерлері С.С. Шутенова, А. Б. Косманова және А. М. Тәжинин “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі”, “Педагогика және психология”, “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттерін “Bolashaq” Академиясы студентінің ар-намыс Кодексімен таныстыруға бағытталған кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағат барысында студенттер Академиядағы тәртіп ережелері жазылған студенттің ар-намыс Кодексімен танысты. “Bolashaq” Академиясының студенті өзінің оқу міндеттерін қатаң орындауға, этикалық, академиялық және құқықтық бұзушылықтарға жол бермеуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, “Bolashaq” Академиясының Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін және басқа да нормативтік құжаттарды сақтауға міндетті.