Ректордың “Bolashaq” Академиясы ПОҚ-мен жоспарланған кездесулері аясында профессор Қ.Н.Меңлібаев санитарлық нормаларды сақтай отырып, офлайн режимінде Қазақ тілі мен әдебиеті және Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының әріптестерімен кездесті.





Студенттерді карантин жағдайында оқыту, сондай-ақ тәжірибеден өту, мемлекеттік емтихандарға дайындалу, тәрбиелік іс-шаралар өткізу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, кафедра түлектерінің жұмысқа орналасуына талдау жасалды, кітапханада білім беру бағдарламалары бойынша оқу және әдістемелік әдебиеттердің толықтырылуы туралы мәселелер талқыланды.