17 тамызда Қазақстанда Nur Otan партиясының праймеризі басталды. Үміткерлер 28 тамызға дейін тіркеуден өтті, ал ішкі партиялық іріктеу 2020 жылдың 3 қазанына дейін жалғасады.
Nur Otan партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев партияішілік іріктеу өткізу туралы Қаулыға қол қойды.
Бұл Елбасы жариялаған Nur Otan партиясын “қайта жүктеудің” маңызды элементі болып табылатын партияішілік демократияның заманауи тетіктерінің бірі.
“Bolashaq” академиясының студенті Бексұлтан Мағрұпжан тіркеуден өтіп, Жаңаарқа ауданы бойынша сайлауға үміткер болды және ең жас кандидат болып табылады.
Бексұлтан Мағрұпжанның өмірбаянымен және сайлауалды бағдарламасымен оның FaceBook-тегі жеке парақшасында танысуға болады .
“Bolashaq” академиясы Бексұлтанға сайлауда жеңіске жетуді тілейді! Өз студенттерімізбен мақтанамыз!
Праймериздердің негізгі мақсаты алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында партиялық тізімдерді одан әрі қалыптастыру үшін бәсекелестік күрес негізінде жаңа көшбасшыларды анықтау болып табылады.
Бұл Қазақстан тарихындағы мемлекет және адам тағдырына немқұрайды қарамайтын және жұмыс істеуге ниетті және қабілетті азаматтар үшін Мәжіліс пен мәсихатқа өтудің ең бірінші үлкен мүмкіндігі.
Партияның құндылықтарымен бөлісетін және сайлау құқығына ие Қазақстанның кез келген азаматы кандидат бола алады.