2020 жылдың 11 қыркүйегінде онлайн режимде 1 курс студенттерімен Діни экстремизм мен терроризмнің, саяси эктремизмнің алдын алу бойынша әңгіме өткізілді.
Спикер болып “Bolashaq” академиясының СВР жөніндегі проректоры Ахметова Ботагөз Телманқызы сөз сөйледі.
Әңгіме барысында қоғамдағы диструктивті ағымдардың мәселелері талқыланды, студенттердің құқықтық сауаттылығы бойынша әңгіме жүргізілді, дәстүрлі және дәстүрлі емес діннің айырмашылықтары мен діни сауатсыздықтың салдары қаралды, жасөспірімдер мен жастар үшін діни қауіпсіздіктің негізгі ережелері егжей-тегжейлі қаралды.