2022 жылдың 25 қарашасында “Болашақ” академиясының студенттік үйінде “Биоритм және оның өмірдегі маңызы” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде “Bolashaq” Академиясының фармацевт-студенттері тақырыпты ашты, студенттер үйінде тұратын “Болашақ” колледжінің студенттері белсенді қатысты.

Тақырыпты толық түсіндіргеннен кейін студенттермен түрлі ойындар өткізіліп, ойынға белсенді қатысқан әрбір студентке сыйлықтар табысталды. Студенттер дөңгелек үстелге риза болып, осындай қызықты тақырыптарды тағы да студенттер үйінде ұйымдастыруды сұрады.
