2021 жылғы 3 наурызда ZOOM платформасында білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша облыстық онлайн-конференциялар өтті.
Аталған іс-шараны Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі “Sanaly urpaq” республикалық жобалық кеңсесі мен “Bolashaq”академиясының қолдауымен ұйымдастырды.
Конференцияға қатысты:
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Д.В. Шакенов, “Sanaly urpaq” республикалық жобалық кеңсесінің басшысы К. А. Токушев, Қарағанды облысы бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы С. К. Мусин, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының директоры С. Б. Байбосынов, ЖОО ректорлары мен комплаенс-офицерлері, Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Г. Ш. ҚОЖАХМЕТОВА, Қарағанды облысының білім бөлімдерінің басшылары, колледж директорлары
Модератор: Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары А. О. Оразхан.
Сөйлеушілер:
- Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы Г. Ш. Қожахметова “ТжКБ және орта білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы және “Адал ұрпақ”және “Саналы ұрпақ” клубтарының қызметі туралы” тақырыбында;
2. Қарағанды облысы бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы С.Қ.Мусин: “Білім беру саласындағы 2020 жылғы бақылау қызметінің қорытындылары туралы» тақырыбында;
3. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының директоры С.Б.Байбосынов “Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі” тақырыбында;
4. Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының бастығы, полиция полковнигі – А. Д. Дәрменов “2020-2021 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды орындау туралы” тақырыбында;
- “Sanaly urpaq” республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Токушев К. А. “Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері туралы” тақырыбында;
6. Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Д. В. Шәкенов.
Соңында қатысушылар ұйымдастырушылар мен қонақтарға сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.
Эфир ресми бетте сақталған: https://www.facebook.com/stopcorruption.kar.kz/?cft[0]=AZV-Gg5HuLhAC-SYsuul1cwpUwMOIZInLr6Mk8ixKs1Zwn5xVtJhnyrhFW8UKMnxJS3jabM-if1f0uaahR-T9zeWMxGKzxg3tg4NDYdp4hUkcSxYIYISGgBpUpTZOp9zfBPb22S3ApkZNXLCbQx1RkZz52LordMwjdbVkDJt_yVu9A&tn=kC%2CP-R