Бердібек Соқпақбаевтың туғанына100 жыл – «Балалар әдебиетінің классигі»

«Bolashaq» Академиясының 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6В01703 – «Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының К-23-1, КР-23-1, К-21-1, КР-21-1 студенттері мен топ кураторы Н.К. Касетованың  жетекшілігімен қазанның 17 күні қазақтың классик жазушысы, балалар әдебиетінің алып бәйтерегі, қазақ әдебиетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген көрнекті жазушы – Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерей тойына арналған «Балалар әдебиетінің классигі» тақырыбында кураторлық сағаты өтті.

Кураторлық сағаты филология ғылымдарының докторы,профессор Мәуен Хамзин ашып, Бердібек Соқпақбаев шығармаларын оқымаған, сол шығармалары арқылы адами құндылықты бойына сіңіруді мақсат етпеген қазақ баласы жоқ десем қателеспеймін.«Менің атым Қожаны» фильмі еліміз ғана емес, бүкіл әлемге танылды. Балаларымыз, тіпті немерелеріміз қуана асыға көретін сүйікті фильміне айналды. Бердібек шығармалары сонысымен құнды да асқақ»- деп, Бердібектің болмысына ерекше тоқталып өтті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.