Б. Блум таксономиясы бойынша семинар

2022 жылғы 12-14 қаңтар аралығында «Bolashaq» академиясында «Қазақстан Республикасының білім беру стандартының нормаларына сәйкес сабақты жоспарлау» тақырыбында семинар өтті.

Бастамашы және ұйымдастырушы педагогика ғылымдарының кандидаты Ж. М. Мамерханова болды.

  • Семинарға «Бастауышта оқыту психологиясы, педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасының оқытушылары, сондай-ақ барлық педагогикалық мамандықтардың ОӘК мүшелері қатысты.


Қарастырылған және талқыланған мәселелер:

  • ҚР МЖМБС Б. Блумның таксономиясымен қалай байланысты?
  • Кембридж университетінің педагогика факультетінің әріптестері сабақтарды Б. Блумның таксономиясына сәйкес қалай жоспарлауды ұсынады?
  • Бұл тәсілді ЖОО жүйесінде қалай қолдануға болады?

Жұмыс барысында студенттерге, болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне және педагог-психологтарға арналған сабақ модельдері әзірленді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.