Филология ғылымдарының кандидаты, «Bolashaq» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының профессоры Сембиев Курмангазы Закирович Ақмола облысының «Степногорск қалалық оқу-әдістемелік орталығы» КММ-де қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері арасында «Латын әліпбиі-рухани жаңғыру факторы» онлайн – семинар-тренингінде дәріс оқыды.



Латын әліпбиінің орфографиялық ережелерінің авторларының бірі ретінде мұғалімдер тікелей эфирде сұрақтар қойды. Семинар барысында мұғалімдерге латын графикасына көшу қажеттілігі туралы түсініктемелер беріліп, инновациялық технологиялар қолданылды. Семинар-тренинг жоғары деңгейде өтті және соңында мұғалімдер К.З. Сембиевке алғыс білдірді.