2024 жылғы 4 қазанда сағат 12:00 – де “Bolashaq” Академиясының акт залында Еңбек министрлігінің 2024 жылғы 11 маусымындағы бұйрығымен “1 қазан-Қазақстан Республикасы Жоғары білім беру қызметкерлерінің күні” ретінде бекітілген, Қазақстан Республикасы Жоғары білім беру қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты концерт өтті. Бұл күн Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелер тізіміне енгізілді.
Өз өмірін Қазақстан Республикасының білім және ғылымын дамытуға арнаған барлық адамдарға алғыс пен құрмет білдіру үшін ұйымдастырылған іс-шара оқытушылардың, қызметкерлер мен студенттердің басын біріктірді.
Бағдарлама іс-шарасының шығармашылық бөлігі студенттердің жарқын және есте қаларлық қойылымдарымен көңіл толтырды: вокалдық топтар орындаған музыкалық нөмірлер шырқалды; би нөмірлері көрермендердің қошеметіне бөленіп, жалынды және шын жүректен қолдау тапты.
Студенттер ерекше және лайықты құттықтаулар дайындады, онда олар өздерінің оқытушыларына және білім нұрын сыйлайтын және жоғары мектепте педагогикалық және ғылыми шеберліктің шыңына жетелейтін барлық адамдарға деген ризашылықтары мен шынайы сүйіспеншіліктерін білдірді.
Нәтижесінде концерт жалпы академиялық қоғамдастық – тәлімгерлер мен олардың шәкірттерінің берік одағының бірлігі мен мақтанышының жылы атмосферасымен аяқталды.
Бұл күн білім берудің маңыздылығын және оқытушылардың ел болашағын қалыптастырудағы маңызды рөлін еске салатын жарқын мереке болды. Білім, ғылым, кәсіпқойлық және адал еңбектің прогрессивті қоғам – Қазақстан Республикасы үшін әрқашан құнды екендігін мәлімдеді!
Осы күнді тойлау біздің ортақ игі дәстүрімізге айналсын!
Оқытушы мен студент-біз тұтаспыз,
Білімге барар жолда біз шыңдаламыз
Болашақты бірге құрамыз, біз күннен күнге,
Білімнің нұры мен арманның отын жағамыз!
Мереке құтты болсын, біздің, дана, ұлағатты тәлімгерлер!