2024 жылғы 2 қазанда “Bolashaq” Академиясында 2024 жылғы 6 қазанда өтетін алдағы республикалық референдумға арналған дәріс өтті. Отырыстың негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасында атом электр станциясын (АЭС) салу туралы Референдум болды.
Отырыста заң пәндері кафедрасының доценті Садықова Көкеш Каригуловна сөз сөйледі, ол АЭС құрылысын құқықтық реттеудің маңызды аспектілерін және оның ел үшін ықтимал салдарын атап өтті. Ол атом энергетикасы мәселелерін реттейтін заңнамалық нормалар туралы және референдумда шешім қабылдау Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикасына қалай әсер ететіні туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Садықова Көкеш Кәрігұлқызы сондай-ақ атом станцияларын салудың халықаралық тәжірибесіне жүгінді және осындай ауқымды мәселелерде азаматтарды хабардар етудің маңыздылығына тоқталды. Оқытушы референдумға қатысу керектігін және осындай ел үшін маңызды тақырыпты белсенді талқылау қажеттігін атап өтті.
Қызу пікірталаспен аяқталған отырыста қатысушылар Қазақстандағы атом энергетикасының болашағы, кәмелетке толған әрбір Қазақстан Республикасының азаматының дауыс беруге құқылылығы және олардың Қазақстанның болашағы мен ілгерілеуі үшін өз таңдауын жасауға тиіс екендігі туралы белсенді сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.