Ата заң күнімен құттықтаймыз!

“Bolashaq” академиясы сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтайды!
​Біздің еліміздің басты заңы уақыт сынағынан өтіп, өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Осының арқасында Қазақстан бүгінде халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып отыр. Әрбір азамат Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзі мен отбасы үшін де маңыздылығын терең түсінеді.
Біздің басты құндылықтарымыз – тәуелсіздік, бірлік және тұрақтылық. Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға бейбітшілік пен амандық тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.