Ақ жол болсын!

1 қыркүйек Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Академия ректоры, профессор, философия ғылымдарының кандидаты Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы бірінші курс студенттеріне өзінің құттықтау сөзін айтты. Ол студенттерге Академияның қызмет еткен жылдары жеткен жетістіктері, оның даму болашағы туралы әңгімеледі. “Педагогтардың жоғары кәсібилігі, оқытудың заманауи технологиялары, білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық, оқытушылар мен студенттердің ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығы, жақсы материалдық база, кітапхана қоры, қызықты студенттік өмір – барлығы сіздер үшін, қымбатты студенттер”- деді басшысы.

Салтанатты жиын Академия қызметкерлерін көп жылғы еңбегі мен білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі және Қазақстан Республикасының жас буынын тәрбиелеудегі жетістіктері үшін, сондай-ақ өткен оқу жылында ерекше көзге түскен студенттерді алғыс хаттармен және медальдармен марапаттаумен жалғасты.

“Білім күні-жарқын бастамалардың, жаңа мүмкіндіктердің, батыл жаңалықтардың және үлкен үміттердің символы. Алда бізде қызықты жол бар, барлығына сәттілік және осы жолда табыс тілеймін!”- деді ректор Қ. Н. Меңлібаев. 

Оқу грантын ұтып алған студенттерді жеке құттықтады.

Одан әрі, шара академия студенттерінің қатысуымен концерттік бағдарламаны жалғастырды. 
Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. 

Жиын соңында барлық қатысушыларға дәстүрлі түрде балмұздақ және сусын түрінде тәтті сыйлықтар берілді.

ЖОО-мен танысуды бірінші курс студенттері Академия аудиторияларында жалғастырды, онда кураторлар, кафедра меңгерушілері студенттерді оқу процесімен таныстырды. 

Университет ректоры әр топпен жеке танысып, жақсы оқу, белсенді студенттік өмір тіледі.

Қашықтықтан оқыту бөлімінің студенттері үшін таныстыру дәрісі өткізілді. 

Сондай-ақ ректор біздің Академияға оқуға Өзбекстаннан келген студенттермен кездесу өткізді.

ПОСМОТРЕТЬ И СКАЧАТЬ ФОТО В ХОРОШЕМ КАЧЕСТВЕ

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.