✅Форумда «Білімнің жұлдызы» шәкіртақысының иегерлері марапатталды. Байқауға “Bolashaq” Академиясының 1 курс студенті Кадрин Тілеген қатысып, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Dauletten» қайырымдылық қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мұқаев Дәулет Төлеутайұлының қолынан Алғыс хатпен және 100 000 мың теңгелік сертификатпен марапатталды!
🔰Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дәулет Төлеутайұлы, Гүлдара Алданышқызы, Гауһар Шаймерденқызы, Таңсауле Ғабдыманапұлы, Нұргүл Тау, Айна Ермекқызы, Нартай Аралбайұлы және қоғам белсенділері қатысты.
✅Шәкіртақы тағайындау мақсаты – еліміздегі колледж және жоғары оқу орындарында оқитын үздік студенттерді әлеуметтік жағдайына байланысты қаржылай қолдау, олардың заманауи қоғамдық талаптарға сай дағдыларын дамыту. Шәкіртақы оқуда, ғылымда және қоғамдық өмірде белсенді, талантты үздік студенттерді ынталандыру үшін берілді.
🔰Биыл Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 200 студент 100 000 (жүз мың) теңге көлеміндегі бір реттік ақшалай сыйақыға ие болды. Іріктеуге әр өңірден 987 өтінім келіп түскен. Шәкіртақы иегерлерінің 188-і ЖОО студенттері болса, қалған 12 жеңімпаз колледж студенті.
✅Елордада бас қосқан жастардың ішінен 30 студент іріктеліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің ғимаратында экскурсия жасады. Оның ішінде Парламент палаталарының бірлескен отырыс залын аралады. Залда Асхат Қанатұлы Аймағанбетов, Жигули Дарабаев Молдакалыкович секілді тұлғалармен кездесті. Ал “31 мамыр күні қуғын-сүргін құрабандарын еске алу” күні «Білімнің жұлдызы» I Республикалық студенттер форумының жеңімпаздарын Алжир мемориалды-мұражай кешеніне апарды. Лагерь Астанадан 30 шақырым жердегі Ақмол ауылында орналасқан. Қазақстанның әр өңірінен жиналған студенттер Ақмола облысындағы АЛЖИР лагерінің мұражай-мемориалды кешенінде гүл шоғын қою рәсіміне қатысып қайтты! Осындай жүлделі студенттеріміздің қатары арта берсін!