Тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес 6В04201-Құқықтану білім беру бағдарламасының «Құқықтық және қаржылық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Л.М.Жунусова Ю-21-2 және Ю-23-2 каз тобының студенттерімен Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барып қайтты.
Қарағанды Облыстық Тарихи-Өлкетану Мұражайы – 1932 жылы ашылып, 1938 жылы облыстық өлкетану мұражай дәрежесіне ие болды, ал 1964 жылдан бастап мұражайдың атауы тарихи-өлкетану деп өзгертілді.
Мұражайдың экспозициясы 1800 ш.м. құрайтын 14 залдан тұрады, қор сақтау орны – 190 ш.м. Сонымен қатар 60 орындық акті залы, «Dolby Digital» тарихи кино залы, «Бабалар бейнелері» компьютерлік анимация залы бар. Мұражайдың кіре берісіндегі үлкен залда Қарағанды облысының физикалық-географиялық картасы көрсетілген, онда облысымыздың территориясы, халқы, жөнінде жалпылама мәліметтер берілген.
Мұражайда гидтің көмегімен студенттер «Жерде тіршіліктің пайда болуы», «Табиғат», «Археология», «Облыстың мәдениеті» , «Қарағанды көмір бассейнінің құрылуы», «Қарлагтың тарихы және Ұлы Отан соғысы», «Қарағанды облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Ғарыш залы», «Тәуелсіздік Қазақстан кезіндегі Қарағанды облысының дамуы» секілді залдармен танысып шықты. Айтылған мәліметтер студенттер үшін қызығушылық тудырды, бұл көріністер әсерлі, тың идеяларға толы болды.