Қарағанды инновациялық лицейіндегі «Дауылпаз ақын-Қасым» атты ашық сабақ

21.11.19 күні Қарағанды Инновациялық Лицейінде(КТЛ) “Bolashaq” академиясы, “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығының студенттері “Қазақ тілі” апталығында “Дауылпаз ақын-Қасым” атты әдеби-танымдық ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Р.Н.Исмаилованың ұйымдастыруымен өтті.

Сабақ барысында Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы баяндалды. Танымдық кешке лицейдің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Қасым туралы ғылыми еңбектер, мақалалар, естеліктер оқушыларға кеңінен түсіндіріліп, әндері шырқалып, өлеңдері оқылды. Академия студенттері қазақ тілінен бөлек ағылшын, түрік, қытай тілдерінде еркін сөйлеп, ашық сабақты қызықты әрі жоғарғы деңгейде өткізді. Лицей әкімшілігі “Bolashaq” академиясының ұжымына, “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығына өз алғыстарын білдіріп, барлық қатысушы студенттерді алғыс хаттармен марапаттады.

Ашық сабақ өтуіне белсене қатысқан студенттер: К-16-1 тобының студенттері Сәкенова Аида, Ерғали Дидар, К-17-1 тобының студенттері Мағрұпжан Бексұлтан, Өміртаев Төребай, Әлтай Ақтоты, Рахимбекова Рауана, К-18-1 тобының студенті Қазыбекқызы Нұргүл, К-19-1 тобының студенті Кенжетал Гүлдана.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.