2023 жылғы 31 мамырда Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына қуғын-сүргінге ұшыраған және жер аударылғандардың балалары мен шөберелері: Мария Дмитриевна Ермаченкова, Борис Николаевич Макаров, Лидия Сергеевна Пен, Ксения Олеговна Морозова, және оның отбасы 1930 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықтан аман қалып, Моңғолияға қоныс аударып, сонда тұруға мәжбүр болған, 1992 жылы отбасымен Қазақстанға оралған жазушы Дәулетхан Әбілхайырұлы қатысты.
Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының Қарағанды облысы бойынша орынбасары, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшелері т.ғд., профессор З.Г. Сақтағанова және “Bolashaq” Академиясы жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі А.У. Илясова сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел тірі жад – естеліктер артефактілерін сақтау бойынша одан әрі ынтымақтастыққа ықпал еткен жанды диалог форматында өтті.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелері З.Г. Сақтағанова мен А.У. Илясоваға репрессияға ұшыраған Б.Н. Макаров пен М.Д. Ермаченкованың ұрпақтарынан “Балалардың тағдыры қандай болды?” тақырыбында сұхбат алу мүмкіндігі туындады, олар естеліктер жинағында жарияланатын болады.
Басшы С.К. Байновқа және мұражай қызметкерлеріне тарихи жадыны сақтауға және оны жаппай қуғын-сүргіннің салдары туралы білгісі келетіндердің барлығының объективті қабылдауына бағытталған сторителлинг және т. б. заманауи технологияларды қолдана отырып өткізген кешенді тәсілдері үшін алғыс айтамыз.
Іс-шара туралы репортажбен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады: https://youtu.be/y_-KPyBeLYQ